#ТАРАЗ: Қала жастары арасында Волейбол жарысы болып өтті

#ТАРАЗ: Қала жастары арасында Волейбол жарысы болып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жастар ісі секторы жылдық жоспары бойынша Тараз жастары арасында волейбол жарысы болып өтті. Жолдастық кездесуді қаланың бас имамы Дауренбеков Орынбасар жастарға тәлім берер насихат сөзімен бастады.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: «Балаларыңа садақ атуды, жүзуді және атқа шабуды үйретіңдер» деп бұйырып, өзі де спорттың түр-түрімен айналысатын. Ардақты аналарымызбен жүгіріп жарысқандығы және кіші кезінде жүзуді үйренгені риуаят етіледі.

Кездесу соңы Тараз жастары  қаланың бас имамына ризашылықтарын білдіріп, осы секілді жарыстардың жиі-жиі болып тұруын өтінді.

Егизбаев Алмуханбет

Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: