#ТАРАЗ: 4-АЙМАҚ мешіттерінің тазалығы тексерілді

#ТАРАЗ: 4-АЙМАҚ мешіттерінің тазалығы тексерілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы «Ар Рахман Ар Рахим» мешітінің наиб имамы, 4-аймақ кураторы Миразизов Нұрматжан аймаққа қарасты мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысып, тазалығын тексерді. Тексеру ретінде аймаққа қарасты «Әбу Бәкір әс-Сыддық» мешіті, «Нәби» мешіті, «Иса Ахмет» мешіті, «Жамбыл Жабай» мешіті және «Қарабай» мешіті зират етілді. Айта кетейік, Тараз қаласында жалпы 35 мешіт бар. Қалада орналасқан мешіттер 5 аймақтық орталыққа бөлінеді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: «Тазалық-иманнан» деп бұйырып, мешіт тазалығына қатты көңіл бөлген. Өмірден озған мешіт сыпыратын әйелдің қабірінің басына барып жерленіп қойған болса да, жаназа намазын оқып дұға қылғандығы риуаят етіледі. Алла Тағала бізді жүрегі мешіттерге байланған құлдарының қатарынан етсін!

Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: