#ТАРАЗ: Қалалық орталық мешітке гүл отырғызылды

#ТАРАЗ: Қалалық орталық мешітке гүл отырғызылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешіті ауласына гүл отырғызылды. Мешіт маңын әсемдеу үшін демеушілік көмек арқылы 911 600 теңге қаражат жұмсалды. Жұмсалған қаражатқа 300 дана-раушан гүлі, 300 дана-хризантема гүлі, 120 дана-қызғалдақ гүлдері мен шырша ағаштары және т.б. гүлдер егілді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: «Алла Тағалаға елді мекеннің ең көрікті жерлері-мешіттер!» деп бұйырады. Басқа бір хадисінде де шыраққа май құйып, мешіт ішіне іліп Алла үйін жарықтандырған Тамим әд-Дари (р.а.) атты сахабаға: «Исламды нұрландырдың, Алла сені бұл дүниеде және ақыретте нұрландырсын» деп дұға қылады. Хадистерде айтылғанындай Алла Тағаланың назары түсіп тұрған Алла үйлерін безендіруде атсалысқан азаматтарға Алланың нұры жаусын!

Егизбаев Алмуханбет

Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: