Сарысу аудандық орталық мешітінде Алла разылығы үшін ұстаз Мадина Қайратқызының және ерікті жастардың ұйытқы болуымен «Қайырымдылық шарасы» ұйымдастырылды.
Іс-шараға әйел-қыздар жамағаты мен сауат ашу курсының шәкірттері ат салысып, тәтті тағамдар пісіріліп, қаламыздың тазалығына ат салысып жүрген қызметкерлерге түскі ас таратылды.
Хадисте айтылғандай Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Садақа Раббының ашуын басады және жаман өлімді қайтарады» (Тирмизи, Зәкәт 28 ) дегендей қайырымдылықтың басты мақсаты Алладан сауап алу және жамағатқа қайырымдылық жасаудың жақсы амал екенін жүректеріне сіңіру. Алла баршамыздан қабыл етсін.
Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі



08 Ноябрь 2025
17 Джумада-авваль 1447

