Сарысу аудандық орталық мешітінде ұстаз Мадина Қайратқызының ұйытқы болуымен «Ең кемел тұлға – Мұхаммед» атты Рухани Мәуліт кеші ұйымдастырылды.
Іс-шарада Пайғамбарымыздың тұлғалық бейнесі, жүріп өткен жолы, өмірі, сипаттары мен сүннет амалдары шәкірттерге насихатталды. Әрбір әйел кісі Пайғамбарымыздың оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын өмірбаяныны білуі соған амал етіп, ұл-қыздарына Пайғамбарымызды танытып, сүннет амалдарын үйретуі ,Пайғамбарымызды жақсы көруге тәрбиелеуі керектігі айтылды.
Пайғамбарымызға оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын салауат айтудың артықшылығы, сауабының молдығы түсіндірілді. Жиын соңында бір сүннет амалға болсын амал ету ниетімен қасиетті зәм-зәм суымен жамағатпен дұға тіленіп , ақ жаулықты аналарымыз дұға жасады.
Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі



08 Ноябрь 2025
17 Джумада-авваль 1447

