#Жамбыл: «Әжелер алқасына» құрмет көрсетілді

#Жамбыл: «Әжелер алқасына» құрмет көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітіне арнайы келген Гүлжан Серікқызы аудандық «Әжелер алқасының» атқырып жатқан жұмыстарына оң бағасын берді.

«Әжелер алқасының» төрайымы Үміткүл апаның газеттерде мақала жазып, жастарға үлгі – өнеге көрсетіп жатқандығын және де жылдық жоспарымен танысты. Үлкеннің батасын алу зор мәртебе екендігін айтқан облыс ұстазы Гүлжан Серікқызы және аудандық «Бәйдібек» мешітінің ұстазы Жайна Бекназарова әжелерге құрмет көрсетіп, сыйлықтар табыс етті. 

Дәстүрлі қазақ қоғамында жасы үлкен адамдарды құрметтеу рәсімі ежелден бар. Ондай құрмет жасы үлкен кісінің қай рудан, қай жүзден, қай ұлттан екендігіне қарамай көрсетілетін. Қазақта сұлтан, батырлармен қатар барлық жасы үлкен, қартайған ер азаматтардың бәрі, кім екеніне, қандай тектен шыққанына қарамай, ерекше сый-құрметке бөленген. Әжелер ұстаздарға алғыс айтып, ақ батасын берді.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: