#Жамбыл: Мәуліт мұсылмандардың мейрамы

#Жамбыл: Мәуліт мұсылмандардың мейрамы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Қаламаңы ауылы «Хаджи Тамаль Мадина» мешітінің имамы Абилов Ансар жұма намазына келгн жамағатқа «Мәуліт мерекесі» турасында кеңінен уағыз айтты. Жер жүзінің мұсылмандары асыға күтіп, бір ай бойына тойланатын мереке – Мәуліт тойын ерекше күтіп алу зор құрмет саналады. 

Мәуліт айы – ислам дінінде өзіндік орны бар ерекше мерекелердің бірі. Мәуліт – араб сөзінен аударғанда «туылған күн» деген мағынаны білдіреді екен. Сондықтан әр жылы Рабиул-әууәл айында әз Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мәулiтi аталып өтiлуi ислам әлемiнде қалыптасқан дәстүр болып табылады. 

Уағыз соңында жұма намазына келген жамағат ауыл имамына көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, мардымды жауап алып жатты.

 Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: