Ашуланба!

Ашуланба!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір күні пайғамбарымызға (с.а.у.) бір тайпаның көсемі келеді. Қайтарында:

«Мырзам, маған бір насихат беріңіз!» – деп сұрайды.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған: «Мұқият бол, ашуланба!» – дейді.

Тайпаның көсемі бұл қысқа ғана насихатқа таң қалып, ауылына қарай беттейді. Ауылына келсе, ауыл тұрғындарының жасақтанып жатқанын байқайды. Олардан алаңдаумен сұрайды:

–Тыныштық па, не болды?

–Біздің жастарымыз көрші тайпаның малдарынан бірнешеуін ұрлапты. Олардың қаруланып бізге келгендерін ойлап, қорғану үшін жасақтанып жатырмыз, – дейді.

–Демек, бізге шабуыл жасамақшы ма? – деп айбаттанып, тайпаның көсемі де қаруланды. Дәл сол сәтте пайғамбарымыздың (с.а.у.) насихаты есіне түседі.

Дереу тәубе етіп, қару жарақтарын тастап, тұрғындарға былай дейді:

–Мен қазір арғы тайпаға барып сөйлесемін. Келіспесе де жоғалтарымыз жоқ.

Арғы ауылға жақындағанда сол ауылдың тұрғындары таңырқап, оны көсемнің жанына алып барады. Көсемдерімен сәлемдесіп былай дейді:

–       Біздің жастарымыз сендердің малдарына зиян келтіріпті. Қателік бізден. Барлық шығындарды мен өтеймін. Осының кесірінен қан төгілмеуі тиіс.

Арғы көсем бұл кеңпейілділікке қатты риза болып:

–       Олай болса мен де барлық нұқсандарды кештім, – дейді.

–       Осылайша қан төгілмей араларында бейбітшілік орнады.  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: