НАМАЗДАҒЫ ШЫНАЙЫЛЫҚҚА ЖЕТУДІҢ 13 ҚАДАМЫ (ЖАЛҒАСЫ)

НАМАЗДАҒЫ ШЫНАЙЫЛЫҚҚА ЖЕТУДІҢ 13 ҚАДАМЫ (ЖАЛҒАСЫ)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

7) Намаз оқуды кейінге қалдырмаңыз

Хадисте былай айтылған: «Ең жақсы амал — бөлінген уақыттың басында оқылған намаз» (ат-Тирмизи мен әл-Хаким).

8) Намазда оқылатын сүрелер мен дұғалардың мән-мағынасын жете түсіну

Намазда оқылатын сүрелер мен дұғаларды жете түсіну намазға ден қоюға көмектеседі, сол себепті сүрелер мен дұғаларды тек жаттап қана қоймай, олардың мән-мағынасын білуге тырысыңыз.

9) Намаз оқып жатқанда жан-жағына қарамау

Намаз оқып жатқанда жан-жағына қарамауға тырысу керек, өйткені бұлай жасау намаздан көңілді бөліп жібереді. Сәжде жасағанда жайнамазға басымызды қоятын орынға қарағанымыз абзал.

10) Біз Алла Тағаланы көрмесек те, Ол бізді көріп тұрғанын естен шығармау

Құдіреті күшті Алла Тағалаға Өзінің жаратқан пенделерінің не істеп, не қойып жүргені, күн-түн демей Оған аян. Намазға тұрған сәтіңізде осыны бар жан-тәніңізбен сезіне біліңіз.

11) Намазды асықпай оқу

Намазды асып-саспай, жаймен оқыған дұрыс. Асығу – біздің тезірек басқа бір іске көшкіміз келетіндігін білдіреді. Айналып келгенде, біздің Жаратушымызбен тілдесуден асқан маңызды не бар?

12) Намазды өмірдегі соңғы намазды оқығандай оқу

Біздің деміміздің таусылып, қашан өлім сәтінің келерін біз білмейміз. Келесі намазға дейін тірі боламыз ба, жоқ па – ол да бізге беймәлім. Сол себепті намаз оқығанда, өміріңіздегі соңғы намазыңызды оқығандай оқыңыз.

13) Жан-жүректі жаман қасиеттерден тазарту

Адам жанының жаман қасиеттері, жүрек кемістігі бізді Алла алдында толықтай бойұсынуға мұршат бермейді, керісінше, Алладан алыстататын дүниелерге тартып отырады. Сол себепті ішкі жан-дүниемізді жақсартып отыруымыз қажет. Ал мұны нағыз рухани тәлімгердің басшылығымен ғана іске асыра аламыз. Алланы еске алу арқылы адам баласы біртіндеп бұл фәни дүние құрасуынан, кесірлі тілектен құтылып, иман тәттілігін сезіне бастайды.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: