НАМАЗДАҒЫ ШЫНАЙЫЛЫҚҚА ЖЕТУДІҢ 13 ҚАДАМЫ (ЖАЛҒАСЫ БАР)

НАМАЗДАҒЫ ШЫНАЙЫЛЫҚҚА ЖЕТУДІҢ 13 ҚАДАМЫ (ЖАЛҒАСЫ БАР)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Намаз – пенденің Жаратушысымен тілдесуі, намаз арқылы біз Алла Тағаламен күні-түні байланыста болудың көркем мүмкіндігіне қол жеткіземіз. Бұл керемет сыйды Алла Тағала біздің сүйікті Пайғамбарымызға ﷺ Миғраж түні нәсіп еткен болатын.

Егер барлық адам намаздың шынайы тәттілігін сезінер болса, намазды кемеліне жеткізіп оқыр еді. Намазда бойұсынуға ұмтылу арқылы ғана біз осы тәттілікті сезінетін боламыз. Алайда бұл тәттілік бірден сезіле қоймайды, өйткені оның жолында көптеген «кедергілер» бар. Бұл кедергілерден өтуге төменде келтірілген бірнеше ұсынымдар көмектеседі.

1) Тек рұқсат етілген халал аспен тамақтану

Біз не ішіп-жегеніміздің айқын көрінісіміз. Харам асты қолдану біздің жүрегімізде тыйым салынған амалдарға деген әуестікті қалыптастырады да Алла мен біздің арамызда перде құрайды.

2) Тыйым салынған әрекеттерден аулақ болу

Әрбір жасалған күнә біздің жанымыз бен жүрегімізге із қалдырып кетеді. Күндердің күнінде біздің ішкі жан-дүниеміз Жаратушының өсиетін орындаудан қалып, жүрек Алламен тілдесуден тәттілік сезіміне бөлену қабілетінен айырылатын болады.

3) Дене мен киімнің тазалығын қадағалау

Лас жер шайтанның баспанасы болып табылады. Ал шайтан болса адамды Алладан алыстату үшін қолынан келген барлық жамандықты жасап бағуға дайын.

4) Намаз оқитын орныды таза ұстау

Намазды тек таза жерде оқыған абзал. Біз намаз арқылы барлық кемшілік атаулыдан ада Алла Тағалаға бет бұратынымызды ұмытпағанымыз жөн.

5) Лайықты түрде дәрет алу

Намаздың шарты лайықты түрде дәрет алу болып табылады. Дәрет алу барысында ұсынылған әрекеттердің бәрін орындауға тырысыңыз.

6) Намаз алдында мисуакты қолдану

Пайғамбарымыз ﷺ: «Егер бұл менің үмбетіме ауырлық тудырады деп қорықпасам, онда әр намаздың алдында мисуакты қолдануға бұйырар едім», - деп айтқан болатын (әл-Бұхари мен Мүслим)

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: