Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы мешіт жамағатына шам-құтпан намазында уағыз айтты. Уағыз «Кешірімділік – мұсылманның көркем мінезі» деген тақырыпта өрбіді.
Шындығында, Мұсылман адамның бойында болуы керек болған ізгі сипаттардың бірі – кешірімділік. Өмірде кемшіліксіз адам болмайтындығын ескеретін болсақ, отбасы мүшелерінің, туыстардың, дос-жарандардың, қызметтес адамдардың қарым-қатынасында осы кешірімділік сипаты аса қажет. Себебі, адамдардың теріс мінез-құлықтарына сабыр ету, кешіріммен қарау адами байланысты үзіп алмас үшін аса маңызды. Жамағатпен жүздесу соңында, келген жамағат тарапынан сұрақтарға жауап берілді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі


05 Қараша 2025
14 Джумада-авваль 1447

