#Жамбыл: Шәкірттер отырыс ұйымдастырды

#Жамбыл: Шәкірттер отырыс ұйымдастырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде арнайы қыз балаларға арнап сауат ашу курсы ашылған болатын. Курс ұстазы Жайна Бекназарова қыз балаларға отырыс ұйымдастырды.

Мешіт ұстазы шара барысында керемет уағыздар айтып, діни оқиғаларға сусындатты. Ұстаз қыз балаларға  Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өмірі мен оның көркем мінезі жайында оқиғаларды да шетте қалдырған жоқ-ты. Алла Елшісінің  жомарттығы теңдессіз еді, адамдарға кедейліктен қорықпайтын жандай тарту жасайтын.

"Алла Елшісі жаны да, қолы да жомарт жан еді. Жақсылыққа жоқ демейтін, сұрағанның қолын қайтармайтын. Әнәс ибн Мәликтен риуаят етілген хадисте: бір кісі Пайғамбардан  екі таудың арасындағы қойды (яғни, екі таудың аралығын толтыратындай көп қой) сұрағанда, Пайғамбар  оған осыншама қой береді. Кейін ол тайпасына келіп:  «Уа, тайпаластырым! Исламды қабылдаңдар! Алламен ант етейін, ақиқатында Мұхаммед кедейліктен қорықпастан тарту береді екен», – депті" - дейді ұстаз өз насихатында.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: