Талас ауданының бас имамы ауысты

Талас ауданының бас имамы ауысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін қасиетті жұма күні Талас ауданына жаңа бас имамды тағайындау рәсімі өтті. 

Шараға арнайы ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев қатысып, бұл уақытқа дейін 11 жыл бойы Талас ауданының бас имамы қызметін атқарған Нұрсұлтан Алиевке құрмет көрсетті. Облыс бас имамы алғыс хат табыстап, шапан жапты. Ал Аудан әкімі Қанатбек Қайшыбекұлы ауданның діни өркендеуіне қосан үлесі үшін жылы лебізін білдіріп, діни каллиграфиялық жазуы бар картина сыйға тартты. Сонымен қатар ауыл имамдарының атынан да осындай сыйлық табыс етілді. Жамағат та имамға Алла разылығын айтып, жаңа қызметіне жеміс тіледі.

Талас ауданының әкімі облыс бас имамына да сый көрсетіп, иығына шапан жапты. Бұл құрметті қабыл алған облыс бас имамы сөз сөйлеп, қазақтың салтымен, үлгі өнегесімен өскен ұрпақтың ұлы ретінде мешіт қариясына шапанды тарту етіп, батасын алды. 

Сонан соң көпшілікке ауданға жаңа бас имам болып тағайындалған Жұбатқанов Жалғасбай Дуйсенбайұлын таныстырып, ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқыды. Жаңа имамға жамағат жемісті жұмыс тіледі. 

Жұбатқанов Жалғасбай Дуйсенбайұлы 2005-2009 жылдары Өзбекістан, Қарақалпақстан «Мухаммад ибн Ахмад Әл-Бируни» медресе колледжін тәмәмдаған.

2014-2017жж. «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті, исламтану мамандығы бойынша білім алған.

Жұмыс тәжірибесі:  Тараз қаласы «Акрам Төре» мешіті 5 айлық наиб имам қызметінде 2017ж. атқарды.

• 2017 – 2018 жылдар аралығында Қордай ауданы, Масаншы ауылы «Қордай медресесі» жеке мекемесінде ұстаздық қызметін атқарды.

• 2018 жылдан бастап Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде-азаншы қызметін атқарса, 2019-2020 жылдар аралығында азаншылық қызметін сақтай отыра Тараз қаласы «Әл-Әділ» мешітінде наиб имам қызметін атқарды.

Имам қазақ, араб тілі, өзбек тілі, орыс тілдерін меңгерген.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: