Меркі ауданына жаңа бас имам тағайындалды

Меркі ауданына жаңа бас имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні Меркі ауданына жаңа бас имам тағайындалды. Ресми шараға облыс бас имамының 1-ші наиб имамы Нұралы Бақытұлы арнайы барып, жұма намазына қатысты. 

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен ауданға Булгаков Қанат Талғатұлы бас имам болды. Нұралы Бақытұлы жамағат алдында имамды таныстырып, бұйрықты оқыды. 

Маманның біліктілігі жайлы тілге тиек етіп, жаңа қызметінде сәттілік тіледі.

Меркі ауданының жаңа бас имамы жайлы айта кетсек. 

Булгаков Қанат Талғатұлы 2006ж - 2010ж. аралығында Тараз қаласының "ТАРГУ" жанындағы "Көпсалалы колледжі" "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша бітірген.

2010ж - 2013ж. ҚМДБ қарасты Шымкент қаласы "Шымкент" медресе-колледжін Исламтанушы және имам хатиф" мамандығы бойынша бітірген.

2015ж - 2019ж. Қырғызстан мемлекетінде "И.Арабаева" Қырғыз мемлекеттік университеті "Теология" (дінтану) мамандығы Шымкент университеті педагогика және психология мамандығы бойынша Магистратура бітірген.

ҚМДБ ҚАРАСТЫ ҚЫЗМЕТТЕРІ: 2013ж - 2014ж. аралығында Шымкент қаласында орналасқан "Хаттани" қалалық мешітінің ұстазы қызметін атқарған.

2014ж-2015ж. Шымкент қаласында орналасқан "Икрам Қажы" мешіттің бас имамы қызметін атқарған.

2015ж-2017ж. Шымкент қаласы Еңбекші ауданы "Әл- Біләл" мешітінде  найб имам қызметін атқарған.

 2017ж - 2020ж. Алматы қаласы Әуезов ауданына қарасты "Мүзәмміл" мешітінде найб имам қызметін атқарған.

2021 жылдың сәуір айынан бастап, Жамбыл облысы Тараз қаласы "Әкрам-төре" мешітінің имамдық қызметінде болған.

 Имам қазақ тілі, араб тілі, түрік тілі, орыс тілін жетік меңгерген. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: