3 қағида: Мүмін өз тілектерін шариғатқа сай мөлшерлеуі керек.

3 қағида: Мүмін өз тілектерін шариғатқа сай мөлшерлеуі керек.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағалаға апарар жолдың 10 қағидасы

Бұл мақалада Алла Тағалаға апаратын жолдың 10 қағидасы және мүміннің өз жолын табуына ненің көмектесетіні қарастырылады:

1 қағида: Шынайы да берік ниет.

Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан:

«Ақиқатында, амалдар ниетке қарай бағаланады әрі, ақиқатында, әр адамға оның ниетіне қарай нәсіп етіледі» (Мүслим).

2 қағида: Барлық амалдар тек Алла разылығы үшін ғана жасалуы тиіс.

Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан:

«…сен Алланы көріп тұрғандай құлшылық ет, сен Оны көрмесең де, ақиқатында, Ол сені көріп тұрады» (Мүслим).

Тек Алла разылығы үшін жасалған амалдардың белгісі – ақиқаттан басқаның бәрін қабылдамау әрі ақиқаттан басқаның бәрін түкке тұрғысыз, өткінші нәрсе деп санау. Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Динар мен дирхемнің құлы мүшкіл халде болады…» (Бұхари).

Мүмін адам күмәнді дүниелерден де бойын аулақ салуы тиіс. Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Күмәнді нәрсені күмәнсіз нәрсе үшін қалдырыңдар» (Тирмизи, Насаи).

Басыңызға қиын-қыстау күндер туса, сабырлық танытыңыз, құштарлық пен күнәға бастайтын амалдардан аулақ болуға тырысыңыз. Кімде-кім үнемі мүмін адамға лайық болар амалдар жасап жүретін болса, онда әлгі адам ұйқыда болса да сергек болады, өзге адамдардың ортасында отырып-ақ оңашалана алады, әңгімелесе отырып, үнсіздік сақтай алады, мақтаулар естіп жатса да өзін қарапайым ұстай алатын халге жетеді.

4 қағида: Амалдарыңызды Алла Елшісінің (ﷺ) амалдарына сәйкестендіріңіз

Бұл мүміннің өз амалдарына есеп беріп отыруына көмегін тигізеді. Өзін - өзінің жалғыз қожасы деп есптейтін жан ешқашан сәттілікке қол жеткізе алмайды.

5 қағида: Үлкен сыйға ұмтылыңыз да оны іске асыруда кешеуілдетпеңіз.

Жасағалы отырған амалыңызды ертеңге қалдырмаңыз, өйткені сіздің барлық амалдарыңыз бір-бірімен байланысты. Кіші-гірім дүниеге бой алдырмаңыз, себебі одан да жоғары, үлкен сыйдан құр алақан қалып қоясыз.

6 қағида: Алла Тағала қалауының алдында өз дәрменсіздігіңізді түсініңіз

Құлшылықты елемеуге немесе амалдар жасаудағы жалқаулыққа мұның қатысы жоқ. Бұл жерде сөз болып отырған нәрсе – адам баласы Алланың қалауынсыз, Оның қолдауынсыз ештеме де жасауға қабілетті емес.

Сондай-ақ, бұл түсінік өзге адамдарға құрмет көрсетуде танылады, себебі адамдар Алла Тағала жолына жетуде бір-біріне көмекші болып табылады.

7 қағида: Мүміннің құтылуы – үрей мен үміттің арасында

Мүмін адам жасап жатқан амалдарының нәтижесін Қиямет қайымда көрмейінше, Алла Тағала оларды қабылдап жатыр деген нық сенімде болмауы керек, алайда мүмін жан үмітін үзбеуі де қажет, өйткені Алла Тағала – Жомарт әрі Рақымды.

8 қағида: Дінде тұрақты болыңыз.

Дінде тұрақты болу – Алла қолдауының қайнар көзі. Дінде тұрақты болу арқылы мүмін өзге адамдардың құқығына қатысты өзін лайықты түрде ұстайтын болады әрі Алла Тағалаға саналы түрде құлшылық етіп, Оның разылығын алуға бір қадам болсын жақындай түседі.

9 қағида: Амалдарыңызға мұқият болыңыздар

Алла Тағаланы жиі еске алыңыздар. Кімде-кім Алланы жиі есіне алар болса, ол өзінің жүрегіне Алла разы болмайтын дүниелерді ұялатпайды. Мүміннің айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы оның пейілінің көрінісі болып табылады.

Алла Елшісі (ﷺ) мұсылмандарға мына бір дұғаны үйретіп кеткен: «Уа, Алла, Сен мені кемшілікіз жараттың, енді менің мінезімді де мінсіз ете гөр» (Ахмад).

10 қағида: Не істеп, не қойып жүргеніңізді жете түсініңіз

Мүмін дәл қазір немен айналысып жүргені жайында айқын түсінуі керек. Бұл оның ішкі және сыртқы дүниесіне де қатысты. Алла Тағалаға құлшылық етуге және Оның Елшісінің (ﷺ) сүннетін ұстануға өзін міндетті емеспін деп санайтын адам – құрыған адам.

Бұл жөнінде Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айқан: «(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Егер Алланы сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер. Алла (Т.) сендерді жақсы көріп, күнәларыңды жарылқайды. Өйткені, Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді» де» (3:31)

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: