Құранның жүрегі - «Иасин» сүресі

Құранның жүрегі - «Иасин» сүресі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кімде-кім бұл сүрені түнде оқыса, Алланың қалауымен, таңертең оның күнәлары кешіріліп тұрады.

«Иасин» сүресі Құранның жүрегі болып табылады әрі көптеген қасиеттерге ие. Біріншіден, бұл сүрені оқу - Қасиетті Құранды бүтіндей оқығандай болып табылады және мұнда Құран оқығанның келесідей қасиеттері бар:

1. Алла Тағала былай айтқан: «Естеріңде болсын, Алланы еске алумен жүректер орнығады» (13:28). Жаратушының сөзі — Құранды оқу арқылы адамның жүрегі жай тауып, Алла Тағаламен байланыс орнатылады.

2. Алла былай деген: «Ол сондай Алла, сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін құлына (Мұхаммед Ғ.С.ға) ап-ашық аяттар түсірді» (57:9). Құран оқу арқылы адам жете түсінбеушілік пен ессіздіктен, жете түсіну мен саналылыққа әкелетін Жаратушының басшылығына қол жеткізеді.

3. Алла былай айтқан: «Әйтпесе олар, Құранды түсінбей ме? Немесе олардың жүректері құлыптаулы ма?» (47:24). Құран - Алланың және оның жаратқандарының зор құндылықтарына қол жеткізіп, айналамыздағылар туралы ойлану қасиетіне ие етеді.

4. Хадисте былай келтірілген: «Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, оны

басқаларға үйреткендерің».

5. «Кімде-кім Құранның бір әріпін оқыса, оған сол үшін сауап жазылады, ал сауаптар он еселенеді, «алиф ләм мим» бір әріп деп ойлап қалмаңдар, «әлиф» - бір әріп, «ләм» - бір әріп, «мим» - бір әріп».

6. «Құран оқыңдар, шын мәнінде ол Қиямет күні Алланың құлына шапағатшы болады. Құран былай айтады: «Уа, Жаратушым! Мен оның түнгі ұйқысын бұздым, енді оған шапағатшы болуға рұқсат етші» - оның шапағаты қабыл болады.

Нақты «Иасин» сүресі үшін жазылатын сауаптар мыналар:

1. Құранды он рет оқығандай сауап беріледі.

«Барлық нәрсенің жүрегі бар, ал Құранның сүресі – «Иасин» сүресі, кім оны оқыса, Құранды он рет оқығандай сауап алады».

2. Күнәнің кешірілуі

«Кімде-кім «Иасин» сүресін оқыса, оның көп күнәлары кешіріледі».

«Кім «Иасин» сүресін түнде оқыса, таңертең оның күнәлары кешіріледі».

3. Қабірде жатқандардың санындай сауап алу

«Кімде-кім зират басына келіп «Иасин» сүресін оқыса, сол күні қабірде жатқандардың азабы жеңілдетіледі, ал «Иасин» сүресін оқыған адамға, сол зираттарға жерленген адамдардың санындай сауап жазылады».

4. Мәселенің шешілуі, қиындықтың жеңілдетілуі

«Аш адам оқыса, ол тояды. Адасқан болса, жол табады. Егер малын жоғалтқан адам оқыса, малын табады. Тамағы жетпей қалама деп қорқып оқыған адамның тамағы жеткілікті болады. Өлім аузында жатқан адамға оқылса, сол адамның өлім алды азабы жеңілдетіледі. Босану кезінде қиындық көріп жатқан әйелге оқылса, сол әйелдің қиындығы жеңілдетіліп, қиналмай босанады».

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: