"Мүмін оңашаны, ал екіжүзді көпшілік ортаны жақсы көреді"

"Мүмін оңашаны, ал екіжүзді көпшілік ортаны жақсы көреді"

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Имам Ғазалидің (р.а.) «Жүректердің ашылуы» кітабында: «Мүмін оңашаны, ал екіжүзді көпшілік ортаны қалайды», - деп келтірілген.

Осы тақырыпқа қатысты бір жақсы хадис бар:

Күндердің күнінде Пайғамбарымыздан (ﷺ): «Мүмін деген кім және екіжүзді деген кім?» - деп сұрапты. Сонда Алла Елшісі (ﷺ):

«Мүміннің назары намаз бен оразаға тігілсе, ал екіжүздінің назары, жануардың назарындай, құлшылық пен намаз оқудан шеттеп, тек ішіп-жеуге ғана бағытталған», - деп жауап берген екен.

Иман келтіргендер мүмкіндіктеріне қарай садақа береді әрі Алланың кешірімін алуға ұмтылады. Ал екіжүзді болса өз құштарлығы мен күмәнінің құлына айналады.

Мүмін Алладан басқа ешкімге үміт артпайды, ал екіжүзді Алладан басқаның бәріне үміт артатын болады.

Мүмін жан дін жолында өз мал-мүлігін жұмсайтын болады, ал екіжүзді қолында барын тек өзінің игілігі үшін ғана беретін болады.

Иман келтірген Алладан басқа ешкімнен қорықпайды, ал екіжүзді болса Алладан басқаның бәрінен ұялатын болады.

Жақсы амал жасай отырып мүмін адам көзіне жас алар болса, ал екіжүзді жамандық жасай отырып, күлетін болады.

Мүмін жан оңашада өткізген уақытын берекелі өткізеді, ал екіжүзді көпшіліктің ортасында жүргенді жаны сүйеді (Имам Ғазали, «Жүректерің ашылуы», 7 бөлім).

«Мүмін оңашаны, ал екіжүзді көпшілік ортаны қалайды» деген сөзді былай түсіндіруге болады: шынайы иман келтірген жан Алла Тағалаға толықтай иман келтіріп, өзіне Одан басқа қорғаушыны іздемейді.

Мұсылман баласы өз уақытын Алла Тағалаға құлшылық етуге арнайды. Ерекше күйге қол жеткізу үшін, мысалы, зікір айтып, Құран оқу үшін мұсылман көпшілік ортадан алшақтап, жан тыныштығына кенелу үшін оңашалануды қалайды.

Ал адамардың көңілінен шығып, соларға жағу үшін көп сөйлеп, аз жасау екіжүзділерге тән қасиет, өйткені екіжүзділік – шынайылық пен жаман пиғылды жалған жақсылық және мейірімділікпен жасыру болып табылады.

Алла Тағала күллі үмбетті жүрек дертінен сақтасын! Әмин.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: