Жүрегіңізге тыныштық сыйлайтын 10 хадис

Жүрегіңізге тыныштық сыйлайтын 10 хадис

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бұл бес күндік жалғанда жоспары мен үміті, жүрегі мен жаны сынаққа ұшырамайтын пенде болмайды. Осындай кездерде кімнің де болсын салы суға кетіп, ағыспен бірге ағып кете берері хақ. Жоқ, бұған мүлде жол беруге болмайды! Себебі тіпті қандай қайғы, бақытсыздық болмасын, адам баласы еңсесін түсірмей, өз жаны мен өміріне деген жауапкершілігін жоғалтпауы керек. Міне, адамның күші – осында, мүміннің иманы – осында. Басымызға қандай сынақ түспесін, қандай сынақ бізді қайғы-мұңға ұшыратпасын, біз жүрегімізбен Алла разылығына қол жеткізу жолында қалуымыз қажет.

Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Көзіміз жылап, жүрегіміз қайғы жұтып тұрса да біз Алла разы болатын нәрсені ғана айтамыз». Қиын-қыстау кездерде Алла Тағаламен байланысты сақтап қалу аса маңызды, Оның қалауына разы болып, Оның және Пайғамбарымыздың (ﷺ) сөздерінен жұбаныш таба білуіміз тиіс. Төменде сіздердің назарларыңызға торығу, қайғы және қиыншылық кездерінде сіздің жаныңызға медеу болатын 10 хадисті келтіреміз:

1. Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Мүміннің жағдайы қандай керемет! Асылында, оның жағдайы оған қайырлы болып табылады әрі мұндай жағдай тек мүмінге ғана берілген: егер ол қуанса, Аллаға шүкір айтады және бұл оған хайырлы болады; ал егер оның басына қайғы келсе, ол сабырлық танытады және бұл да оған қайырлы болады» (Мүслим).

2. «Алла сүйген құлдарына сынақ жібереді. Егер олар разылық танытса, Алланың разылығына бөленеді. Ал ашу танытқандар, Оның ашуына ұшырайды».

3. Ат-Тирмизи келтірген хадисте былай айтылған: «Сенің жазмышыңа жазылған нәрсенің болатынын, ал жазмышыңа жазылмаған нәрсенің болмайтынын біліп қойыйңдар. Және де сабырсыз – жеңістің, айырылусыз – табудың, қиыншылықсыз – жеңілдіктің болмайтынын біліңіз».

4. Үмм Саляма (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Қашан оларға бip қайғы жетсе: “Олар шын мәнінде біз Аллаға тәнбіз әpi Оған қайтушымыз. Уа, Алла, қайғыда жарылқап, оның орнына маған жақсылық бере гөр! - десе» – Алла Тағала оны жарылқап, қайғының орнына жақсы нәрсе беретін болады».

Үмм Саляма (р.а.) былай айтқан: «Әбу Саляма қайтыс болғанда, мен Алла Елшісінің (ﷺ) айт дегенін айттым, сонда Алла оны одан да жақсы болған Алла Елшісімен (ﷺ) ауыстырды» (Мүслим).

5. Усама ибн Зайд келесі жайтты келтірген: «Пайғамбарымыздың (ﷺ) қызы Зейнептің ұлы өлім аузында жатқанда ол Пайғамбарымызға (ﷺ) бір адамды жібереді, алайда Пайғамбарымыз (ﷺ) әлгі адамды мына сөздерді айтсын деп кері қайтарып жіберген екен: «Ақиқатында, Алла Өзі алып, Өзі сыйлайды әрі бәрі тек Оған ғана мұқтаж және Ол әр нәрсенің уақытын анықтап қойған, сондықтан ол сабырлық танытып, Алланың сыйынан үміт етсін».

6. Әбу Хурайра (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Мүмін еркек пен мүмін әйел өз күнәсынан тазарған түрде Жаратушысымен кездеспейінше, денелерімен, мал-мүлкімен, үрім-бұтағымен сыналатын болады» (Ахмад, Бұхари, Тирмизи).

7. Әбу Саид әл-Худри мен Әбу Хурайра (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Мұсылман баласының қажуы, ауруы, қорқуы, қайғыруы, келеңсіздік пен қасіреті немесе тіпті денесіне кірген тікенегі үшін Алла міндетті түрде оның күнәларының бірін кешіретін болады» (Бұхари).

8. Әбу Хурайра (р.а.) былай келтірген: «Бірде бір бәдеуиден Пайғамбарымыз (ﷺ): «Сен безгек ауруымен ауырып па едің?» - деп сұрайды. Бәдеуи: «Безгек деген не?» - деп сұрайды. Пайғамбарымыз (ﷺ) оған: «Ет пен терінің арасындағы ыстық», - деп жауап береді. Ол: «Жоқ», - дейді. Содан кейін Пайғамбарымыз (ﷺ): «Басың ауырып па еді?» - деп сұрайды. Бәдеуи: «Бас ауру деген не?» - деп сұрайды. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Баста қысым жасап, тер шығаратын күш», - деп жауап береді. Бәдеуи: «Жоқ», - дейді. Әлгі бәдеуи кетіп қалғанда, Пайғамбарымыз (ﷺ): «Тозақ мекендеушілерінен болатын адамды көргілерің келсе, әлгі адамға қараңдар», - деген екен (Бұхари).

9. Әнас ибн Малик (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Алла Өз құлына хайыр тілесе, Ол оны осы дүниеде-ақ жазалап алады. Егер Ол Өз құлына жаманшылық тілесе, Оның жазасын Қиямет күніне қалдырып қояды» (Тирмизи, Ибн Маджа).

10. Әбу Хурайра (р.а) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Егер сендердің біреулерің кімге мол байлық пен сұлулық нәсіп етілген жанға қарайтын болса, онда ол байлығы мен бет-әлпеті жағынан өзінен төмен болатын адамға да қарасын». Немесе басқа бір нұқсада былай келтірілген: «Өзіңізден төменге қарап, өзіңізден биікке қарамаңыз. Бұл Алланың сізге нәсіп еткен мейірімін төмендетпеуге көмектеседі» (Бұхари, Мүслим).

Адамдарға жағымсыз болып табылатын дүниелерге игіліктің көп бөлігі жасырынған, сол сияқты, олар жақсы көретін дүниелерге зиян мен опатқа ұшырау салдары жасырынған. Данышпанның ең Данышпаны, қайырымдының ең Қайырымдысы, білгіштердің ең Білгіші, олардың өздері мен олардың ата-аналарынан да құлдарына анағұрлым Мейірімді ғана оларға пайдасы бар, бірақ жағымсыз болар дүниелерді жібереді.

Ақиқатында, разы болу – Алланың қалауымен адамның еншісіне нәсіп етілетін жан рахаты. Сондай-ақ, разы болу – жан тыныштығы, батылдық және Алла тарапынан түсірілген діни ұйғарымдарға қатысты сенімділік. Міне, Жаратушы ретінде Аллаға разы болу, дін ретінде Исламға разы болу және Оның Елшісі ретінде – Мұхаммедке (ﷺ) разы болу деген осы.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: