Ұстазы мықтының - ұстамы мықты

Ұстазы мықтының - ұстамы мықты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрметті ұстаздар қауымы!

Сіздерді төл мерекелеріңіз "Ұстаздар күнімен" құттықтаймыз! Еліміздің және облысымыздың діни оқу орындарында шәкірт тәрбиелеп жүрген ұстаздарға Алланың нұры жаусын!

"Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты", "Ұстазы мықтының - ұстамы мықты" дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! 

Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистерінде:

«Ілім үйреніңіздер, ілімге қажетті байыптылық пен байсалдылықты да қоса үйреніңіздер. Сіздерге ілім үйреткен кісіні құрметтеңіздер, сыйлаңыздар» - деген. 

Ұстаздық - жауаптылығы зор, қадірлі мамандық. Осындай абыройлы міндетті алып, талай баланың көзін ашқан ұстаздарға мың алғыс! Алла отбасыларыңызға береке, амандық, салихалы ұрпақ бергей!

Бейбіт МЫРЗАГЕЛДИЕВ

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: