5 қағиданы сақтау арқылы тіліңізге ие бола аласыз

5 қағиданы сақтау арқылы тіліңізге ие бола аласыз

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Тілге ие болуды қалай үйренуге болады?» Аталмыш суал көптеген жандардың көкейінде жүретіні өтірік емес.

Адам баласының басына туатын ең ауыр сынақтардың бірі — өз тіліне ие болу. Тілмен де күнәлар жасалады, олар — ғайбат, өсек, өтірік, ренжітетін сөздер… Ашу мен ыза қысқанда ойымызға не келсе соны айтып саламыз, бірақ соңынан қатты өкінеміз. Бұл әркімге де таныс жайт. Бұдан қашып құтылудың жолы бар ма? Өз тіліңнің құрбаны болмау үшін не істеу керек? Бұдан өзімізді қалай сақтауға болады?

1. Ойлана біліңіз

Бір нәрсе айтар алдында сәл де болса ойланғаныңыз жөн, әсіресе, ашу-ыза кернеп тұрған кезде. Өз аузыңыздан шыққан сөздердің сізге опық жегізбеуін қаласаңыз — бір нәрсе айтар алдында, алдымен, ойланып алыңыз. Сөздің қадірінің кеткендігі сондай, біз ойланбай, аузымыздан шығып жатқан сөздерге мән бермей, оларды оңды-солды сілтей беретін әдетке үйренгенбіз.

Ойланбай айтылған әрбір сөз үшін сіз жауапқа тартылатыныңызды ұмытпағаныңыз жөн. Сіздің сөзіңіздің біреудің жанын қалай ауыртатынын білсеңіз, біреуге сөз айтпас бұрын ойланатын боласыз.

2. Кешірім сұрай біліңіз

Біреудің жанын жүрегін жаралап, жүрегіне тиетін сөз айтқан болсаңыз, сіге қандай ауыр болса да, тіл тигізген адамыңыздан кешірім сұрағаныңыз абзал. Тіпті сол адам сіздің жаныңызды ауыртатын сөз айтса да немесе айтылған сөзге сол адам лайық болса да, сіз зұлымдыққа зұлымдықпен жауап беретін жан санатына қосылмаңыз. Мұнда еш хайыр жоқ. Біздің асыл дініміз бізді қандай жағдайда болмасын ұстамдылық, бой ұсынғыштық және сабырлылық танытуға үндейді. Сонымен қатар, келесі жолы кешірім сұрамас үшін, алдын-ала біраз да болсын ұстамдылық танытуға өзіңізді мәжбүрлеңіз.

3. Тек жақсы адамдармен араласуға тырысыңыз

Егер айналаңыздағы адамдардың салдарынан сіз өсекке, ғайбатқа жақын болатыныңызды байқасаңыз, бұл ортаны өзгертіңіз. Басқа адамдардан тек жақсылықты ғана көретін және соған сізді үйрететін амалдары жақсы, игі адамдармен ғана араласыңыз. Жақсы достар бізге тек ең үздік қасиеттерді ғана үйретіп, жаман әдеттерден құтылуға көмектеседі.

4. Ескертулер жасай біліңіз

Өсек, өтірік — мұның бәрі ислам тыйым салған тілмен жасалатын күнәлар болып табылады. Бұл жөнінде Қасиетті Құранда әрі Алла Елшісінің (ﷺ) хадистерінде көптеп келтірілген. Аталмыш күнәлар жасаған үшін қандай жазалар болатыны жөнінде хадистер мен Құраннан оқып-біліп, өзіңізге ескертулер жазып отырыңыз. Өзіңіз үшін сол жазаларды көз алдыңызға елестетіп, бұл күнәларды өзіңізге бір өте қорқынышты, үрей тудыратын нәрсе етіп алыңыз. Және де әрбір секунд сайын сіздің кез-келген амалдарыңыз бен аузыңыздан шыққан сөздеріңізді жазып отыратын періштелердің барын естен шығармаңыз…

5. Өз-өзіңізді көтермелеп отырыңыз

Әр кез жаман сөз айтудан өзіңізді ұстап немесе үндемей қалған кезде, бәрін тиісінше жасағаныңыз үшін, өзіңізді көтермелеп, өзіңізге сыйлық жасап, өзіңізді мақтап отырыңыз!

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: