Сахабалардан Дихйа Кәлби хазіреттері өте әдемі болған. Сапарлардан қайтқанында хазіреті Хасан және Хусейнге сыйлықтар әкеліп, оларды қуантатын еді.
Жәбірейіл алейһиссалам Расулаллаһқа көбінесе оның бейнесінде келетін еді. Тағы да бір күні осылай оның бейнесінде келгенінде хазіреті Хасан мен хазіреті Хусейн оны Дихйа деп ойлап қалталарына қолдарын салып, ешнәрсе таба алмады. Расулаллаһ оған былай бұйырды:
– Ей, Жәбірейіл бауырым! Немерелерімнің бұл қылығын дөрекілік және әдепсіздік деп ойлама! Олар сені Дихйа деп ойлап қалды. Дихйа келген сайын сыйлық ала келетін. Бұларды соған үйретіп қойды.
Жәбірейіл алейһиссалам мұны естігенде қатты ренжиді. Дихйа бұлардың жанына келгенде сыйлықсыз келмейді де, мен қалай құр қол келемін деп жаннат жемістерін бір бау жүзіммен бір анар әкеліп балаларға береді. Балалар сыйлықтарын алып мешіттің бір бұрышына барып жейін деп отырғанда мешіттің есігіне қолына ағаш таяғын таянған, үсті шаң басқан кәрі, ақсақалды дереу кіліп:
– Ашпын жейтін нәрсе беріңдерші, – дейді.
Хазіреті Хасан мен хазіреті Хусейн қолдарындағы жемістерді оған берейін деп бара жатқанында, Жәбірейіл алейһиссалам орнынан тұрып:
– Бермеңдер ол малғұнға! Ол Шайтан. Жаннат нығметтерін оған харам қылған, – деді.
«Кейін жоғал бұл жерден!» деп шайтанды қуып жіберді.