"Һибатулла Тарази" медресе-колледжіне жаңа директор тағайындалды

"Һибатулла Тарази" медресе-колледжіне жаңа директор тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз шаһарындағы діни білім ордасы "Һибатулла Тарази" медресе-колледжіне жаңа директор тағайындалды. Облыстық мешітте өткен ресми жиында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев маманды жаңа қызметімен құттықтап, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын табыс етті. 

Аталған қызметке Сәкен Сейдикаримов келді. Бас имам қызметтің артатын жауапкершілігін, дініміз алдындағы маңыздылығын тілге тиек етіп, жұмысына жеміс, сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Сәкен Сейдикаримов 2007-2010 жж. Астана медресесінде оқыған, ал 2010-2013 жж. Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті университетінде жоғары білім алған, 2013-2020 жж. Астана медресесінде ұстаз, 2020-2021 жж. Тараз аласындағы "Һибатулла Тарази" медресе-коолледжінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған.

Білікті, жас маманға саналы, сауатты ұрпаққа мықты бағыттаушы болады деген үміт пен берекелі қызмет тілейміз!

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (5)

Оқи отырыңыз: