#Жамбыл: «Медиация – бітімгерлікке әкелетін жол» семинары өтті

#Жамбыл: «Медиация – бітімгерлікке әкелетін жол» семинары өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы жастар орталығында Жамбыл облыстық Билер кеңесінің семинары болып өтті. Оған Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, облыстық Билер кеңесінің төрағасы Есіркепов Оңласын Қарабайұлы және облыс пен ауданның ардагерлер төрағалары мен билері қатысты. Семинар тақырыбы «Медиация бітімгерлікке әкелетін жол» болып өтті. Сонымен қатар, «Билер кеңесінің жұмысын жүргізудегі іс-тәжірибесі», «Көркем сөйлеу – жүйрік ойдың жемісі» сынды тақырыптарда ауқымды әңгімелер сөз болды. 

Қазақ шешендік өнері Майқы би мен Аяз биден басталады. Халық арасында «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» деген нақыл сөз содан қалған. Шешендер – «ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін», жауласқан елдің арасына бітім айтатын даналық сөздің иелері. 

Бөлтірік шешеннің айтуынша, тәтті де, ащы да сөз болған. Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұқар жырау да ерекше айтып кеткен.

Жамбыл аудандық  мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: