#Жамбыл: Адал еңбектің пайдасы

#Жамбыл: Адал еңбектің пайдасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылы «Тұрғани» мешітінің ұстазы Ибрагимова Зухра өзі оқытатын қыз балаларға арнап, дәрістен соң, «Адал еңбектің пайдасы» тақырыбында уағыз айтты. Ұстаз шәкірттеріне шындығында, адал еңбектің пайдасы көл көсір екендігін түсіндірді. Сонымен қатар, ұстаз «Адал еңбек» жайында бірнеше қызықты оқиғалар да айтып берді.Адалдық - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет. Қазақ пайымында адам бойында адалдық пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді қасиеттердің қалыптасқан нормаға сай болуы керек.

Қазақтың адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі туралы Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол», - дейді.          Шәкәрім қажы адалдық турасында: «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен адалдық ар үшін жи» - деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келпі, адалдықтың ар біліміне қатысына да ерекше көңіл бөледі. Адалдық қорғау қажеттігін, ол үшін адам бойындағы асыл қасиеттердің бірлікте болуын ашып көрсетеді.

Жамбыл аудандық  мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: