#Т.Рысқұлов: «Еңбек – бәрін жеңбек» атты кездесу өтті

#Т.Рысқұлов: «Еңбек – бәрін жеңбек» атты кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылының мәдениет үйінде «Еңбек – бәрін жеңбек» тақырыбында жастармен және мәдениет қызметкерлері қатысқан іс-шара өтті. Осы шараға ауыл имамы Алимбеков Бақытжан қатысып, жастарға білімімен, қызметтегі тәжірибесімен бөлісіп, жастарды талмай еңбек етуге, еңбекқор болуға шақырды. Имам кездесу барысында Адам дамуының ең басты кепілшісі - еңбек.

"Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей" - деп, атам қазақ бекер айтпаған. Шынымен де, адамды адам еткен еңбек. Өз жалқаулығын жеңіп, еңбек ете білген азаматтар ғана бұл өмірде шексіз бақыт пен байлыққа кенеледі. Сол себептен, баланы кіші кезінен еңбекке баулыған дұрыс. Балалар әке-шешесіне үй жұмысымен көмектесіп, өз қолқабысын үнемі тигізіп отыруы қажет. Осындай тәрбиеде өскен бала, өскен кезінде өз жұмысына адал және үнемі еңбек етуге даяр болып өседі,- деп сөзін аяқтады.

Тузелбеков Қуаныш

Т.Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: