Байзақ аудандық "Байзақ баба" мешітінде мешіт ұстазы Кушербаева Жанаттың ұйымдастыруымен әйелдер жамағаты арасында отбасылық сайыс өтті.
Қатысушыларға 4 түрлі шарт қойылды. Атап айтсақ, берілген тақырып бойынша Құраннан бір аят және билетке жасырылған тақырыптарға байланысты бір хадис оқуы керек болды. Және де салт-дәстүрге қатыстық сұрақ-жауаптар мен қол өнер сайысы да болды. Әрбір қатысушы қолдан жасалған өнер бұйымдарымен бақ сынады.
Үздік шыққандар алғыс хаттар мен сыйлықпен марапатталды.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі



07 Қараша 2025
16 Джумада-авваль 1447

