#Шу: Ауданның бас имамы Жайсан ауылының жамағатымен жүздесті

#Шу: Ауданның бас имамы Жайсан ауылының жамағатымен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданының бас имамы Бахтияр Әміреев құптан намазы уақытында  Алға ауылдық округіне қарасты Жайсан ауылындағы «Жаңабай баба» мешітіне барып, жамағатымен жүздесті.

Құптан намазына келушілермен танысқан Бахтияр Амантайұлы білім алудың маңызы, оның биік дәрежесі туралы сөз қозғап, ақ пен қараны айырудың алғышарты білім екенін атап өтті.

Сондай-ақ ауданның бас имамы намаздан соң мешіттің ішкі-сыртқы ахуалымен танысып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Өз кезегінде «Жаңабай баба» мешітінің имамы Қыдырбек Сейсенов атқарылып жатқан шаруалар жайын айтып,  алдағы жоспарымен таныстырды. Қайырымдылық жұмыстары қарқын жүріп жатқанын тілге тиек етті.

Біраз жайттарға қанық болған Бахтияр Амантайұлы  ауыл имамына тиісті тапсырмалар беріп, бағыт бағдар көрсетті.

Байжан Емберді,

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: