Жамбыл ауданы орталық Жастар орталығында «Бәйдібек» мешітінің ұйымдастыруымен ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы «Дін және дәстүр сабақтастығы» жайында жастарға насихат жүргізді. Кездесуде ауданның бас имамы жастарға дін мен салт-дәстүрдің өзіңдік сабақтастығы турасында кеңінен түсіндірілді.
Дін – адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр – ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет. Әр халықтың өзіне тән, қоғамның дамуына байланысты ерекшеліктері болады. Мәселен, еліміздің ұлан-байтақ жерді алып жатуының өзі ғасырлар бойы халқымыздың бойындағы, батырлық пен ерлік дәстүрін тудырған. Қазақ халқы – ұлттық дәстүрге ерекше мән беретін халық. Салт-дәстүрлер – халық мәдениетінің аса мәнді құрамдас бөлігі, рухани байлығы. Әрбір халықтың өзіндік ерекшеліктері олардың салт-дәстүрлерінен көрінеді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі