Қордай ауданы Еңбек ауылдық мешітінде ауданның наиб имамы Дәурен Нұржанұлы жұма намазын өткізді.
Жиналған жамағатқа уағыз айтып, рухани біліммен сусындандырды. Көпшіліктің көкейкесті сауалдарына жауап беріп, Құраннан, хадистерден дәлелді мысалдар келтірді.
Сонымен қатар асар арқылы соғылып жатқан мешіт асханасының құрылыс жұмысына қатысты. Имам: "Ауыл тұрғындарының атсалысуымен іске асып жатқан игілікке Алла берекесін болсін, елімізге амандық, молшылық берсін" - деп дұға жасады.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі