#Жамбыл: «Адамды адам еткен – еңбек»

#Жамбыл: «Адамды адам еткен – еңбек»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылының орта мектебінде  «Айша-бибі» мешітінің имамы Таджбаев Қатарбай мектеп оқушыларымен кездесті. Кездесуде ауыл имамы оқушыларға «Адамды адам еткен – еңбек» тақырыбында насихат айттып, адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, күнделікті ішіп-жейтін тамағының, киетін киімінің өзі еңбекпен келетінін, қысқасы қоғамдағы байлықтың бәрі еңбектен тұратындығын балаларға түсіндірді. Расында да, еңбек – адамның асыл қасиеттерінің бірі.  Еңбек дегенміз бойымыздағы күшімізді пайдалану.

«Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады»,- деген мақалдар да еңбектенудің адамдарға қажетті нағыз байлық екендігін көрсетеді. Ал іс-әрекетсіз бос жүру, еріншектік, жалқаулық – жаман әдет.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: