Әлемді жайлаған аты жаман індет жұртшылықты әбігерге салып, тығырыққа тіреді. Мешіттегі мамыражай күндеріміз сақтық шараларына ұласып емін еркін мәжіліс құруға мүмкіндік бермей отыр. Мектеп оқушылары онлайн түрде оқуға көшкен тұста, мешіт имамдары да шет қалмай интернет игілігін пайдаланып отыр.
Айшылық алыс жерлерге әлеуметтік желі арқылы хабар жіберіп, мыңдаған шақырымдағы жандармен телефон көмегімен бейнеқоңырау арқылы тілдесудің сәті түсті. Уағыз-насихаттар онлайн арқылы таралып, халыққа барынша рухани қайнардан қол үздірмей келе жатқанына көпшілік куә.
Осыған орай, Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Төле би ауылдық округі бойынша инспекторы Серік Спанәлі «Төле би» мешітінің бас имамы Талғат Кәрібайұлымен «Ел бірлігі-Отан тыныштығы» тақырыбында сұхбаттасты.
Салихалы сұхбат барысында Талғат Кәрібайұлы тақырып аясын кеңінен ашып, Отанды сүю, елге қызмет ету турасында тұшымды дәлелдермен қойылған сұрақтарға сауатты жауап қайырды.
Әлеуметтік желідегі @tolebizhastary инстаграм парақшасында өткен тікелей эфирді бүгінгі күнге дейін 130 көрермен қарап, 14 адам ұнатқан.
Байжан Емберді,
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі