Өз сөзінде: «Пайғамбарларға иман – Ислам дініндегі иман негіздерінің бірі. Пайғамбар сөзі парсы тілінде «хабаршы» деген ұғымды білдіреді. Құран тілімен айтқанда, пайғамбарларды «Расул» (елші), «нәби» (хабаршы) деп атайды. Пайғамбарларға иман ету – олардың Ұлы Жаратушы тарапынан арнайы таңдалып, елші етіп жіберілгендіктеріне және олардың жеткізген барлық хабарларына күдіксіз сену деген сөз. Алла Тағала мұсылмандарға жер бетіне келіп-кеткен барлық пайғамбарларға иман етуді бұйырады. Яғни, Құранда аты айтылған пайғамбарлардың кейбіреуіне иман етіп, кейбіреуіне сенбеуге қатаң тыйым салынады. Біз, мұсылмандар, өзіміздің соңғы пайғамбар Мұхаммедтің (с.ғ.с.) Алла Тағала тарапынан жіберілген арнайы елші екеніне қалай иман келтірсек, басқа пайғамбарларға да дәл солай иман келтіреміз. Құранда: «Кімде-кім Аллаға және Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына және ақырет күніне иман келтірмесе, қатты адасады...», - деді.
Меркі ауданы «Меркі ата» мешіті