#Жамбыл: Дені саудың – жаны сау

#Жамбыл: Дені саудың – жаны сау

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданында орталық «Бәйдібек» мешітінің жамағаты мен ауылдың ерікті жастарының арасында құптан намазынан кейін кіші футбролдан жарыс өтті.

Аурудың алдын алу үшін спорттың, дене қимылының адам өмірінде алар орны ерекше екені жақсы білеміз. «Адам денесінің жетілуі - оның денсаулығы; егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сыр берсе, онда денді сауықтыру керек» -деп денсаулықтың қадірі туралы ұлы шығыстың ойшылы Әл-Фараби асқан білгірлікпен айтқан екен.

«Асқан байлық не керек, денсаулығың болмаса» - деген ойдың мағынасына мән берсек, денсаулықтың  қадірін кей кезде кеш біліп, соның зардабын кеш сезінеміз. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеуді кейде ұмытып жатамыз.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: