#Жамбыл: Кешіре білу де қасиет

#Жамбыл: Кешіре білу де қасиет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы құптан намазына келген жамағатқа «Кешіре білу де қасиет!» тақырыбында наисхат айтты. «Кешірім апталығына» орай, жүргізіліп отырған насихат жұмыстарын мешіт жамағаты да қызығушылықпен тыңдады. Уағыз соңында аудан имамы жамағат тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауап берді.       

"Шындығында, сіз айналаңыздағыларға кешіріммен қараңыз! Сізді кімде-кім ренжітсе, соны тез арада кешіруді әдетке айналдырыңыз. Ішіңізде сақтап, бар өкініш пен ызаны бойда ұстау – бар проблеманың бастамасы. Жағымсыз ойлар сіздің миыңызға маза бермей, санаңызды улайды. Егер ренжіскен адамыңызбен қарым-қатынасыңызды үзсеңіз де, кешірім беріңіз. Мейлі ол кінәлі болсын, болмасын. Сіз кінәлі санаған адамның ақталуын талап етпей-ақ қойыңыз. Жай ғана жүрегіңізді шырмаулы өкпеден босатып, сол адамға бақыт тілеңіз. Сіз қашалықты кешірімді, мейірімді, арайлы болсаңыз, өмір де сізге жылы шырай танытады. Өмірдің барлық сәтсіздіктері – сәттіліктің бастамасы"- деп атап өтті имам.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: