Халал ас - адамның рухына тікелей әсер етуші күш. Бүгінгі нарықтың дамып түрлі тағамдар мен қоспаларға толы заманында шариғатымыздың талаптарына сай халал ас таңдау әрбір мұсылманға қажетті.
Осы тағамдардың адал болуын қадағалап, тексеріп отыратын ұйым ҚМДБ "Халал Даму". Халықтың халал асқа сұранысы артқан сайын күн санап стандартқа сай өнім шығарушы кәсіпорындар көбейіп келеді.
Бір апта ішінде "Халал Даму" ұйымының Жамбыл облысындағы өкілдігі "Тахир" ЖК, "Мясной мир" ЖК, "Рахметбаев" ЖК, "Досматов" ЖК, шұжық өнімдерін шығарушы цехтар мен "Рамазан" ЖК қасапханасы және "Шарипов Р.Б." ЖК тамақ қоспаларын шығарушы кәсіпорындарға тексеру жасады.
"Халал Даму" ұйымының Жамбыл облысындағы өкілі Нұрматжан Миразизов аталған орындарға барып, халал тағамның маңызы, оны дайындау барысындағы тазалық, шариғаттағы адал ас жайлы семинар-тренинг жүргізді.
Сонымен қатар кезекті тексеруден өткен компаниялар "Халал" сертификатын жаңартты.
Апта ішінде ұйым атынан 15 мұқтаж отбасыға қайырымдылық жасалып, "Халал" сертификаты бар өнімдерден құралған азық-түлік қораптары үлестірілді. Отбасыларға арнайы барған Нұрматжан Миразизов көмекті табыстап, шаңарақ иелеріне Алладан береке тілеп дұға жасады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітіің баспасөз қызметі