#Жамбыл: Ихсан ілімі жастар арасында насихатталуда

#Жамбыл: Ихсан ілімі жастар арасында насихатталуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Жастар орталығында аудандық «Бәйдібек» мешітінің жаныннан құрылған «Әжелер алқасының» төрайымы Мусалиева Үміткүл апа жастарға «Ихсан ілімін» кеңінен насихаттады. Кездесуде аудан жастары әжейге қозғалған тақырып аясында көптеген сұрақтар қойды. Әрине, сұрақтар жауапсыз қалған жоқ. «Ихсан» сөзі шынайылық деген мағынаны білдіреді.

«Ихсан» дегеніміз – Алланы көріп тұрғандай қорқынышпен, шынайылықпен, жауапкершілікпен құлшылық ету. «Ихсан» ілімі мұсылман баласын әр істе, әр құлшылықта ­шынайы болуға тәрбиелейді. ­Асылында, Алла Тағала барша адамның әр ісін, сөзін, ниетін, тіпті көкейдегі ойын да біледі. Шынайылық болмаған амалда береке болмайды.

 Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: