Мейірімді, рахымды Алланың атымен бастаймын!
Бисмилахир – Рахманир – Рахим. «Аьраф» сүресінің 199- аятында жаратқан Алла: «Сен кешірім жолын ұстан жақсылыққа әмір ет, жахиллардан бет бұр» деп әмір етеді. Ауф (кешіру), біліп және білмей істеген жамандықты және хақсіздікті, күнә және айыпты іс істеген біреуді, жазасын беруден кешірім жолын ұстану мағынасына келетін мүминнің маңызды қасиеттерінің бірі болып табылады.
«Хаж» сүресінің 60-аятында: «Әлбетте, Алла Ауф етуші Ғофур (кешіруші)» - деп келеді. Купір және шіріктен бөлек барлық күналарды қалаған кісілерді кешіретін білдіреді.
Барлық діндердің негізгі мінез сүйеніші, кешіру жақсылыққа шақыру, және жахильдерден бет бұруы болып есептеледі. «Аьраф» сүресі 199 -аятының мағынасын Жәбірейіл (а.с) дан Пайғамбарымыз (с.а.у) сұрағанда: «Алла Тағала, саған хақысіздық жасағанды сен кешір, саған бермегенге сен бер, саған келмегендерге сен бар» - деп түсіндірген.
«Шура» сүресінің 40-аятында Алла тағала: «Бір жамандықтың жазасы бір жазаға тең, бірақ кім кешірім жасап араны жөндесе оның сыйлығы Аллаға таң» - деп бұйырады.
Пайғамбарымыз оған (Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мына үш мінез кімде болса, Алла тағала сол адамды мейрім мен жәннатқа кіргізеді» - дейді. Сахабалар: «ол қандай мінез» деп сұрағанда Пайғамбарымыз (с.а.у): «Саған бермегенді сен бер, өзіне келмегенге сен бар, қиянат жасағанды кешір» - деп жауап берді.
Хасан Әл-Басри – айтады: мүминнің әдебінің ең абзалы – кешірімділік, «кешірім жасау кеңдік, кешіре алмау – кемдік» демекші, адамның адамдығы өзге біреудің кемшіліктерін көңілге алмай, кешіре білуінде, «кешіре білу» екі ғана сөзден тұратын, атқаруға оңай болып көрінгенімен, кешіруге келгенде, адам нәпсіне өте ауыр келеді, себебі нәпсісіз жүрегімізге ренжіген адамымызға деген жек көрініш, ыза мен кек салады. Осы кезде Алланың разылығын ойлап, оның кешірімін үміт ету, өзгенің қателігін кешіре білу - ұлы іс, өкпелеу, ренжу, көңілге алу әркімнің де қолынан келеді. Алайда кешіру жүрегіне иман ұялаған, Алла Тағаланың кешірімін үміт ететін құлдарға тән қасиет.
Құранда Алла Тағала ардақты Пайғамбарымызға (с.а.у): «Ендеше сен (ел жұрттың қатесін, қиянатын) көркем түрде кешір. Шынында Раббың-Жаратушы бәрін білуші» - деп айтқан. «Хижр» сүресі 85-86 аятында: «Көркем түрде кешіру дегеніміз, адамның қателігін кешіру, оның айыбын жасыру, тәккәпарлық танытпау, артық сөз айтпау, жек көрмеу»- деген сөз. Құранның бірнеше аяттарында Алла Тағала өзінің сүйіспеншілігіне бөленген тақуа құлдарының сипаттарын айтып өткен, сондай тақуа құлдарының бойында болатын сипаттардың бірі де осы «кешірімді болу». Бұл туралы «Әл Имран» сүресі 133-134 аяттарында: «Раббыларыңның жарылқауы мен кеңдігі жер мен көктей болған жәннатына асығыңдар. Тақуалар үшін әзірленген олар тақуалар кеңшілікте де таршылықта да. Алла жолында мал сарп ететін жандар.Сондай – ақ, олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер.Алла жақсылық істеушілерді жақсы көреді» - деп айтылған.
Қазақ халқындағы «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш», «иілген басты қылыш кеспес», «Білмегенді кешірмесең, білгеніңнен не пайда», «жүрек кешірімді, ақыл шешімді болсын» - деген мақал-мәтелдер «кешірім» деген сезімнің, дүниедегі көп орынсыз ұрыстың, пәле жаланың алдын алуға ықпал ететіндігін білдіреді.
Алла Тағала баршамызды өзгелерге кешіріммен қарайтын, қияметте Жаратушыларымыздың кешіріміне бөленетін құлдарының қатарында еткей!
Уа Алла расында сен кешірімді жақсы көресің, меніде кешіре гөр!
Абилов Ансар
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы
Қаламаңы ауылының имамы