#Шу ауданы: Отбасы апталығына байланысты қайырымдылық іс қарқын алуда

#Шу ауданы: Отбасы апталығына байланысты қайырымдылық іс қарқын алуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі қоғамда көз қуанып, көңіл сүйсінетін істер баршылық. Солардың ішінде кеңінен қолданылып келе жатқаны қайырымдылық. Осы іске көбінесе жүрегін иман кернеген мешіт жамағат ұйысатыны бізді қуантады.

Ақыреттік өміріне алаңдап, бір дәуренде өмір сүріп жатқан жағдайы төмен жандарға қол үшін созушылар қатары көбеюде.

«Отбасы апталығы» аясында іс-шаралар қайырымдылықпен қуаттануда.

Атап айтар болсақ, «Төле би» мешітінің бас имамы Талғат Кәрібайұлының қатысуымен 7 отбасыға 70 мың теңгеге, Бірлік ауылдық мешітінің молдасы Жұматаев Медеттің ұйымдастыруымен 1 отбасыға 10 мың теңгеге, Жиенбет-Жексенбай мешітінің имамы Шүкірәлі Оспанбекұлының бас болуымен 4 отбасыға 60 мың теңгеге, Қонаев ауылдық мешітінің Ердәулет Құлыбектің қиыстыруымен 2 отбасыға 14 мың теңгеге, Жылғабек мешітінің молдасы Әбусейт Қоспанов 4 оқушыны 170 мың теңгеге жарақтандырса, Кәрібай молда мешітінің имамы Нұржан Қалиев 10 балаға мектепке қажетті заттармен қамдап 150 мың теңге жұмсаса, 1 науқастың дәрі-дәрмегіне деп 20 мың теңгеге қайырымдылық жасады.

Жалпы аудан бойынша 494 мың теңге қайырымдылыққа жұмысалды.

Талғат Кәрібайұлы

Шу ауданы «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: