#Шу ауданы: Отбасы апталығы аясында шаралар жалғасуда

#Шу ауданы: Отбасы апталығы аясында шаралар жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі қоғамда көп қозғалатын әрі маңызын жоймайтын тақырыптың бірі ол - отбасы институтын нығайту, сақтау, сабақтастыру екені сөзсіз.

Осыған орай, облыс бойынша өтіп жатқан «Отбасы апталығы» аясында Шу ауданы «Төле би» мешітінің бас имамы Талғат Кәрібайұлы «Ашуды тізгіндеу-отбасын сақтап қалудың басты қағидасы» тақырыбында жамағат назарына насихат жасады.

Уағыз барысында Құран және Сүннеттен аяттар мен хадистер айтылып, дін ғалымдарының пікірлері келтірілді.

Ашудың дұшпандығы, оның орасан зор қатері турасында ата-баба ғибратынан мысалдар айтылды.

Тақырып бойынша жамағат толығымен дерлік жағымды әсер алып, Талғат имамға ризашылықтарын білдірді.

Байжан Емберді

Шу ауданы «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: