#Шу ауданы: Жас мамандар жауапты қызметке тағайындалды

#Шу ауданы: Жас мамандар жауапты қызметке тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгінгі таңда білім көкжиегі кеңейіп, жастар діни білімді өз еліміздегі оқу орындарынан алуда. Жыл сайын шәкірт түлетіп, дін қызметіне кадр дайындау жұмысы жүйеге қойылып келеді.

Жас келсе іске демекші, Шу ауданында бірнеше кадрлық тағайындаулар болды.

Атап айтатын болсақ, ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Әбиқұл Мадияр Тойбайұлы аудандық «Жәми» мешітінің найб имамы, Тілемісов Бақыт Серікұлы Белбасар ауылдық «Хати Сауранбайұлы» мешітінің имамы, Нұр-Мүбарак университетінің биылғы түлегі Әлім Ержан Бақытжанұлы Шу қаласы, «Айтқұл баба» мешітінің найб имамы болып тағайындалды.

Аудан имамы Бахтияр Амантайұлы жаңа тағайындалған дін мамандарына сәттілік тілеп, батасын берді.

Жауапты жұмысқа кіріскен дін қызметкерлерінің алдағы атқаратын қызметіне абырой тілейміз. Алла жолында аянбай еңбек етіп, өздеріне жүктелген міндеттерді орындауда озық болады деп сенеміз.

Талғат Кәрібайұлы

Шу ауданы «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: