#Қордай: 7 тонна ұшыр "Һибатулла Тарази" медресе-колледжіне жіберілді

#Қордай: 7 тонна ұшыр "Һибатулла Тарази" медресе-колледжіне жіберілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауыл мешіттерінің ұйымдастыруымен ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлының ұйытқы болуымен халықтан ұшыр жиналып, "Һибатулла Тарази" медресе-колледжіне жөнелтілді.

Тараз шаһарына  кеткен 6-7 тонна астық 2 үлкен көлікке тиілді. Халықтың мұндай дін жолына берген көмегін Алла қабыл етсін деп ауданның бас имамы дұғасын жасады.

Айта кетейік, ұшыр - егіндіктен жиналған астықтың Алла жолына берілетін мөлшері. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Жасырын не ашық түрде көп садақа беріңдер, ризықтарың көбейеді. Көмек беруге қашанда дайын болыңдар, дұғаларың қабыл болады» деген. Зекеттің түрі көп, соның бірі – ұшыр.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: