Әлем жаратылғаннан бері жер шарын мекен етіп келе жатқан адамзат қауымы бір нәрсеге мұқтаж екені анық, ол - ілім. Ілімді меңгерген әрбір адамның түсінік танымы артып, көкірек көзі оянатыны белгілі. Алла Тағаладан түскен ең алғашқы аяттардың өзіне зер салар болсақ: «Иқро» (Оқы)-деп бастайды, демек, адамзат баласына оқу-білімнің қаншалықты маңызды керек екендігін осы аяттан білуге болады.
Білім үйрену арқылы адам баласының түсінігі артып, айналасындағы қоршаған барша жаратылыстарға басқаша көзқараспен қарайтыны ақиқат. Алла Тағаланың Құран аятында келген «ОҚЫ» деген сөзі тек қана ақырет ілімімен шектелмей пенденің осы дүние білімінде меңгергенін дұрыс көреді.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) былай дейді: «Әрбір мұсылман ер мен мұсылман әйелге ілім алу парыз» деген. Парыз болу себебі әрбір адам істеген іс әрекеттерін біліп, түсініп істер болса, онда істеген істері пайдалы және жемісті болмақ, ілімсіз істелген істің пайдасынан зияны көбірек болуы ақиқат. Ғалымдармыздан сөз қалған: «Сөйлеу менен іс-әрекет жасаудан алдын ілім ал» - деп іліммен сөйлеудің әрқашанда қажет екендігін көрсетеді. Демек, ілім адамды қараңғылықтан жарыққа шығаратын Алла берген бір нұр деп түсінгеніміз дұрысырақ болар. Уақытымыздың көбін ілім алумен кітап оқуға жұмсағанымыз абзалырақ екен.
Р. Еспенбетов