#Жуалы ауданының бас имамы Қарабастау ауылының тұрғындарымен кездесті

#Жуалы ауданының бас имамы Қарабастау ауылының тұрғындарымен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданының бас имамы арнайы сапармен әрі жұма намазын өткізуге Қарабастау ауылына қарасты  «Билікөл»  мешітіне келді.

Мешітке жиналған ауыл ақсақалдары және мешіт жамағаты аудан бас имамы Асхат Акмамбетовты зор ықыласпен қарсы алды. Жуалы ауданының бас имамы жамағаттармен мешітте жүздесіп, арнайы  бұйрықпен таныстырып,  «Һибатулла Тарази»  медресе-колледжінің 2021 жылғы түлегі Бахтыбеков Қуаныш Орынбасарұлын «Билікөл» мешітіне имам болып келгенін атап өтті. Жас маманның қызметіне сәттілік, табыс тіледі.

Жуалы ауданына қарасты Қарабастау ауылы «Билікөл» мешіті ашылғалы молдалық қызметін атқарып келген Аптауов Жәнібек көп жылдан бері «Билікөл» мешітінде молдалық қызметіне 2005 жылы тағайындалып, абыройлы қызмет атқарып келді және көптеген шәкірттер тәрбиеледі. Аптауов Жәнібек  20 жылдан аса уақыт Алла үйінде қызмет еткені үшін  Жуалы аудан бас имамы Асхат Аманжолұлы алғысын білдіріп, бірлесіп қызмет атқаратынына сенім білдірді. Өзінің біліктілігімен шәкірттерге арабша әріп танытып, Құран дәрістерін жүргізіп келді. Мешіт жамағаттары Жәнібек молдаға береке тілеп, ат әбзелі ер тұрманын сыйға тарту етті. Ауыл қариялары бата жасады.

 Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: