Пайғамбар ахлақы (мінезі)

Пайғамбар ахлақы (мінезі)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір күні пайғамбарымыз (с.а.у.) базарға азық-түлік сатып алуға бара жатқанда бір қызметші қыздың жылап отырғанын көреді. Оған жақындайды:

         – Қызым, неге жылап отырсың?

–Мен бір яһудидің қызметшісімін. Базарда май алып, үйге кетіп бара жатқан едім. Ыдыс қолымнан түсіп кетті. Ыдыс сынып, май төгілді. Қожайыныма не айтатынымды білмей жылап отырмын.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) қызға ыдыс пен май сатып алуға ақша береді. Қыз енді:

–Менің қожайыным неге кешіктің деп ұрады, – деді.

–Қорықпа, бірге барып, неге кешіккеніңді айтамыз.

Алдымен ыдыс пен май алады. Екеуі бірге яһудидің үйіне барып, есікті қағады. Яһуди есікті ашып, пайғамбарымызды (с.а.у.) көріп сасып қалады. Пайғамбарымыз яһудиге қызметшісінің кешіккен себебін түсіндіріп, қызға еш нәрсе істемеуін және кешіруін сұрайды.

Яһуди бұл жағдайға таң қалып, Расулаллаһқа:

–Мыңдаған адамның бас тәжі болған пайғамбар! Бір қызметші қыз үшін мен сияқты міскіннің есігіне келдің. Йа, Расулаллаһ! Бұл қызды сенің құрметің үшін азат етемін. Маған иманды, Исламды үйрет. Сенің қасыңда мұсылман болғым келеді, – дейді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған мұсылмандықты қысқаша түсіндіріп береді. Ол адам мұсылман болған соң үйіне барып, бала-шағасына болған оқиғаны айтып береді. Олар да мұсылмандықты қабылдайды. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: