Расында қабір азабы бар ма?

Расында қабір азабы бар ма?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бұл адами сезіммен не болмаса ақыл-ой тұжырыммен түсіну мүмкін емес тақырыптардың бірі. Бұл сұрақтың жауабын біз тек Қасиетті Құранға сүйене отырып қана бере аламыз: «Араларындағы бәдәуилерден екі жүзді кісілер бар. Сондай-ақ Мәдиналықтардан да екі жүзділікте сірескендер бар. (Мұхаммед Ғ.С.) оларды білмейсіңдер, оларды біз білеміз. Оларды екі рет азап қыламыз. Сонан соң олар зор азапқа айдалады» (9:101). «Қашан Сұр үрілсе, сол күні; олардың араларында туыстық (байланыс) жоғалып, бір-бірін сұраспайды» (23:101).

Хадистердің бірінде Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Қабір - ақырет өмірдің бірінші орны болып табылады. Кімде-кім осы орынды еңсеріп шықса, қалғандарын да оңай еңсеретін болады. Егер адам бұл орынды еңсере алмаса, онда қалғандары оған одан да қиынға соғатын болады» (Тирмизи, Зухд, 5). Адам қабірде жалғыз қалғанда оған Мүнкір, Нәкір деген екі періште келеді де сұрақтар қояды. Алланың қалауымен, мүміндер мен тақуалар дұрыс жауап бере алады. Оларға Жұмақтың қақпалары ашылып, Жұмақтың бау-бақшасы көрсетіледі. Иман келтірмегендер мен екіжүзділер дұрыс жауап бере алмайды, оларға Тозақтың қақпалары ашылып, Тозақ Оты көрсетіледі. Кәпірлер мен екіжүзділер өз қабірлерінде азап тартып жататын болса, ал иман келтіргендер бақытқа бөленіп жатады (Тирмизи, Джанаиз, 71). Пайғамбарымыздың (ﷺ) өзі Алла Тағаладан оны қабір азабынан құтқара гөр деп дұға жасайтын (Бұхари, Азан, 149; Мүслим, Кусуф, 8; Джанаиз 85; Әбу Дәуд, Салят, 155).

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: