Құранды тыңдаған мүшріктер

Құранды тыңдаған мүшріктер

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Исламның алғашқы жылдарында Меккелік мүшріктер түрлі айлар мен зұлымдықтар арқылы адамдардың иман келтіруіне кедергі болатын. Мекке халқына Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар оқыған аяттарды тыңдауға тыйым салатын. Ал, өздері түнде жеке-жеке пайғамбарымыздың (с.а.у.) айналасына жасырын барып, пайғамбарымыз оқыған аяттарды тыңдайтын.

Таң атып, дала жарық болған кезде әрбірі тығылып отырған жерлерінде бірін-бірі көріп айыптайтын. Соңында «Біз оның Құдайына сенбейміз. Мұхаммед сиқыршы ғой? Сыйқырлы сөздерін Құдайдың сөздері деп жұртшылықты алдауда. Біз – Меккенің асыл азаматтары осы сиқыршыға қарсы күресудеміз Енді бұлай істемейік» деп бір шешімге келіп, үйлеріне тарайтын. Бірақ, ертеңіне түнде бәрі-бір Құран Кәрімнің әдеби және рухани тұрғыдан аса жоғары калималары алдында шыдай алмай, басқалардың хабарынсыз тыңдауға келе беретін. Қызығы таң атып қалғанда бірін-бірі байқап қалып, бағы бірін-бірі айтыптап ұрсатын. Тағы да келмеуге ант ішіп кетсе де, бәрі-бір сол тірлік қайталана беретін.

Олар тек нәпсілеріне бағынып, өздерін жоғары санап, басқа мүшріктердің өздерін айыптайтындығынан қорқып иман келтірмеді. Басқаларға да кедергі болу үшін көшеде «Мұхаммед сиқыршы» деп айқайлайтын...

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: