Жаңа оқу жылы басталып, барлық бала мектеп табалдырығын аттауға асық. Осы уақытта ата-аналар балаларды материалдық дайындау қамына кірісті.
Осыған орай, Қордай аудандық мешітінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетіліп, "Мектепке жол" қайырымдылық науқаны аясында 79 балаға керекті құрал-жабдықтар алып берілді.
Мешіт қызметкерлері оқушыларға мектепке қажетті құрал-сайманы салынған сөмкелерді табыстады. Айта кетейік, іс-шараға жалпы 828 295 теңге қаражат жұмсалды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі