Тараз маңында "Королёвка" деп аталатын аймақтағы әскери бөлімшеде болған жарылыс салдарынан қаза болғандардың рухына Құран бағышталды.
Байзақ аудандық орталық мешітінде қасиетті жұма күні Құран оқылып, имамдар мен жамағат Алладан дұға тіледі. Сонымен қатар ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қаза болған әскерилердің отбасына көңіл айтып келді. Туған-туыс, жақындарға басу айтып, сабырға шақырды.
Айта кетейік, өңірде болған жағдайдың салдарынан зардап шеккен отбасыларға мешіт қызметкерлері мүмкіндігінше көмек көрсетіп, насихат жұмыстарын жүргізуде.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі