Мектепке жол: Жамбыл облысының мешіттері 400 оқушыны мектепке дайындады

Мектепке жол: Жамбыл облысының мешіттері 400 оқушыны мектепке дайындады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Дәл осы уақытта барлық ата-ана баласын мектепке дайындауды бастады. Осы орайда Жамбыл облысының мешіттері дәстүрлі "Мектепке жол" науқанын өткізіп жатыр.

Облысқа қарасты барлық қала, аудан мешіттері әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына түрлі құрал-жабдықтар, сөмке, мектеп формасын, спорттық киім сынды басқа да қажеттіліктерді алып берді.

Бүгінде өңір бойынша мешіттер 400 бала мектепке дайындады. Су жаңа сөмке мен киім киген балдырғандар жүздері бал-бұл жанып қуанса, ата-аналар алғыстарын жеткізді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: