Қордай орталық мешітінде Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен, Әжелер алқасының қатысуымен "Құран хафыздары" атты рухани кеш өтті.
Мешіт ұстазы Эльмира Есімқараеваның ұйытқы болуымен атқарылған іс-шара әйелдер жамағатына рухани күш, қайталанбас әсер сыйлады.
Мешіт шәкірттері Құран оқудың, жаттаудың маңызы жайлы сахналық көріністер құрып, көрерменнің жүрегіне көркем түрде үлкен ойды, Алла тағаланың парыздарын жеткізді.
Ұстаз "Құран оқудың артықшылығы" жайлы насихат айтып, көпшіліктің Алланың Кәләмына деген махаббатын оятты.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі